01.12.2025 16:48
«Бенфика» Костичке көз тікті
01.12.2025 16:48
«Бенфика» «Ювентустың» ойыншысы Костичке қызығушылық танытып отыр

«Ювентустың» ойыншысы Филип Костич «Бенфиканың» басты назарында, деп хабарлайды инсайдер Николо Скира.
Ақпарат көзінің мәліметінше, «Бенфиканың» бас бапкері Жозе Моуринью 33 жастағы серб ойыншысын «Фенербахче» клубынан бері жақсы біледі. Турин клубы ойыншымен келісімшартты келесі жылдың жазына дейін есептеген.
«Ювентус» Костичті 2022 жылдың жазында 14,7 млн еуроға сатып алған. Қазіргі маусымда ол 10 матчта 2 гол соғып, 1 нәтижелі пас берген берген.