12.12.2025 15:04
«Боруссия» ойыншысына үш клуб көз тікті
12.12.2025 15:04
«Боруссия» ойыншысы Эмре Джан мансабын Түркияда жалғастыруы мүмкін

Bild хабарлауынша, 31 жастағы неміс жартылай қорғаушысына «Галатасарай», «Фенербахче» және «Бешикташ» қызығушылық танытып отыр.
Ал Дортмундтың клубы онымен келісімшартты тағы бір маусымға, яғни 2027 жылдың жазына дейін ұзартуға ниетті. Джанның өзі де «аралар» сапында ойнай бергісі келеді екен.
Айта кетейік, Эмре осы маусымда алты матч өткізіп, бір гол соқты.