31.07.2026 12:42
Бруну Гимарайнш «Арсеналға» ауысуға жақын
31.07.2026 12:42
«Ньюкасл» жартылай қорғаушысы Бруну Гимарайнш «Арсеналға» ауысуы мүмкін

Николо Скираның хабарлауынша, Лондонның клубы 90 миллион еуро көлемінде ресми ұсыныс жолдады және «Ньюкаслдың» жауабын күтіп отыр. Ал Гимарайнштың өзімен «зеңбірекшілер» 2030 жылдың 30 маусымына дейін жарамды келісімшартқа қол қою туралы келісімге келіп қойды. «Арсенал» жақын күндері Брунуды қатарына қоса алатынына сенімді.
28 жастағы Бразилия құрамасының ойыншысы «сауысқандардың» сапына 2022 жылы «Лионнан» 50,1 миллион еуроға ауысып келген еді. Ол өткен маусымда 41 матчта тоғыз гол соғып, сегіз нәтижелі пас берді.