09.12.2025 08:20
Бүгін «Қайрат» «Олимпиакоспен» кездеседі
09.12.2025 08:20
Бүгін, 9 желтоқсанда УЕФА Чемпиондар лигасының 6-туры басталады

Күннің басты матчында «Қайрат» «Астана Аренада» «Олимпиакосты» қабылдайды. Сондай-ақ тағы сегіз кездесу жоспарланған:
20:30. Қайрат – Олимпиакос
22:45. Бавария – Спортинг
01:00. Барселона – Айнтрахт
01:00. Интер – Ливерпуль
01:00. Аталанта – Челси
01:00. ПСВ – Атлетико
01:00. Монако – Галатасарай
01:00. Тоттенхэм – Славия Прага
01:00. Юнион – Марсель
Qazsport телеарнасы көрермендер назарына «Бавария» – «Спортинг» және «Интер» – «Ливерпуль» матчтарын ұсынады. Ал Qazaqstan Ұлттық арнасы эфирінен «Қайрат» – «Олимпиакос» пен «Барселона» – «Айнтрахт» кездесулерін тамашалай аласыздар.