25.09.2025 23:29

«Челси» айыппұл арқалады

25.09.2025 23:29

АПЛ-дың 5-туры аясында өткен «Манчестер Юнайтедке» (1:2) қарсы ойында лондондықтар 5 сары және 1 қызыл қағаз алды

Бұл бассыздыққа байланысты FA (Англия футбол қауымдастығы) «Челсиге» 25 000 фунт стерлинг айыппұл салыпты.

Осыған дейін «ақсүйектер» өткен маусымда жалпы 99 сары қағаз алып, 150 000 фунтқа шығындалған еді.

Айта кетейік, Ағылшын Премьер-лигасының бес турынан кейін сегіз ұпай жинаған Энцо Мареска шәкірттері турнир кестесінде 6-сатыда келеді.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram