30.11.2025 23:25
«Челси» мен «Арсенал» тең тарқасты
30.11.2025 23:25
Ағылшын Премьер-лигасының 13-турында «Челси» өз алаңында «Арсеналмен» тең түсті

«Стэмфорд Бридж» стадионында өткен кездесуде 1:1 есебі тіркелді. Алаң иелері сапында Трево Чалоба есеп ашса, оған Микель Мерино қарымта қайтарды. Сондай-ақ 38-минутта Мойзес Кайседо алаңнан қуылып кетті.
Осылайша 30-ұпайын олжалаған «Арсенал» турнир кестесінде көш басында қала береді. Ал 24 ұпайы бар «Челси» үшінші орынға жайғасты.
Энцо Мареска шәкірттері келесі турда «Лидске» қонаққа барса, Микель Артетаның командасы «Брентфордты» қабылдайды.