09.04.2026 20:07
Чемпиондар лигасының үздік ойыншысы белгілі болды
09.04.2026 20:07
Мануэль Нойер Чемпиондар лигасы 1/4 финалының бірінші матчтары бойынша үздік ойыншы атанды

«Бавария» қақпашысы «Реалға» (2:0) қарсы матчта тоғыз сейв жасады. Осылайша ол жанкүйерлердің дауыс беру нәтижесінде Давид Райяны («Арсенал»), Хвича Кварацхелияны (ПСЖ) және Хулиан Альваресті («Атлетико») артқа тастады.
Нойер («Бавария») — тоғыз сейв
Райя («Арсенал») — бес сейв
Кварацхелия (ПСЖ) – бір гол
Альварес («Атлетико») – бір гол.
40 жастағы неміс голкипері осы маусымда 31 матчта 30 гол өткізіп, 10 ойында қақпасына доп жібермеді.