26.02.2026 19:35

Чемпиондар лигасының үздік ойыншысы белгілі болды

26.02.2026 19:35

Александер Сёрлот Чемпиондар плей-офф кезеңінің қарымта матчтары бойынша ең үздік ойыншы атанды

30 жастағы «Атлетиконың» норвегиялық форварды «Брюгге» (4:1) қақпасына хет-трик жасаған еді.

Осылайша ол жүлдеге таласта Йенс Хеугені («Будё/Глимт), Орельен Чуамениді («Реал») және Виктор Осимхенді («Галатасарай») артқа тастады.

  1. Александер Сёрлот – үш гол

  2. Йенс Хеуге – бір гол, бір ассист

  3. Орельен Чуамени – бір гол

  4. Виктор Осимхен – бір гол.

Сёрлот осы маусымда жалпы 36 матчта 15 гол соғып, бір нәтижелі пас берді.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram