31.10.2025 09:18

Давид Алаба «Реалдан» кетеді

31.10.2025 09:18

Давид Алаба жақын арада басқа клубқа ауысуы мүмкін

Ақпарат көздеріне сүйенсек «Шарлотт» және «Нью-Йорк Сити» клубтары Давид Алабаға 1,75 миллион еуро көлемінде ұсыныс жасаған.

Алайда австриялық қорғаушының жалақысы — жылына 22,5 миллион еуро. Бұл «Реал» клубы үшін айтарлықтай ауыр қаржылық жүк болып отыр. Сондықтан ұжым басшылығы жалақы қорын азайту мақсатында ойыншымен қоштасуға ниетті.

Егер мәміле жүзеге асса, Давид Алаба мансабын АҚШ чемпионатында (MLS) жалғастырады.

Әділет Жұмагелді

Әділет Жұмагелді

InstagramInstagram