09.10.2026 16:14
Давид Сильва: «Алтын допты Фабиан Руиске берер едім»
09.10.2026 16:14
«Манчестер Сити» мен Испания құрамасының бұрынғы жартылай қорғаушысы Давид Сильва отандасы Фабиан Руисті «Алтын допқа» лайық деп есептейді

«Менде «Алтын доп» иегерін таңдау мүмкіндігі болса, жүлдені Фабиан Руиске берер едім. Кейінгі екі жылда ол өте көп трофей жеңді. Ұлттық құрамада да, клубта да басты ойыншыға айналып, өзін жақсы қырынан көрсетті»,– деді Сильва.
Руис биыл Әлем чемпионы атанып, Чемпиондар лигасында топ жарды. Одан бөлек Франция чемпионатын, УЕФА Суперкубогын және құрлықаралық кубокты жеңіп алды.
«Алтын доп» иегері 26 қазан күні Лондонда анықталады. Былтыр ПСЖ шабуылшысы Осман Дембеле үздік атанған еді.