26.10.2025 15:01

Де Брюйне қатардан шығуы мүмкін

26.10.2025 15:01

«Наполи» жартылай қорғаушысы Кевин де Брюйне «Интерге» (3:1) қарсы ойында жарақат алды

Бельгиялық футболшы матчтың 33-минутында пенальтиден гол соқты. Бірақ, сол 11 метрлік айып добын орындау барысында тізеасты сіңірін зақымдап алып, ойынды соңына дейін жалғастыра алмады.

Енді 34 жастағы ойыншы алдағы күндері медициналық тексерістен өтеді. Нәтижесінде жарақатының қаншалықты ауыр екені белгілі болады.

Де Брюйне «Наполи» қатарына биыл жазда еркін агент ретінде қосылған еді. Осы аралықта 11 ойында төрт гол соғып, екі нәтижелі пас берді.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram