25.07.2026 14:01
Де Йонг «Барселонадан» кетуі мүмкін
25.07.2026 14:01
«Барселона» жартылай қорғаушысы Френки де Йонг клубтан кетуі мүмкін

Жерар Ромероның хабарлауынша, «блауграна» жақсы үсініс түсіп жатса Де Йонгты осы жазда сатып жіберуге дайын. Бас бапкер Ханс-Дитер Флик те оның командадан кетуіне қарсы емес.
Осыған дейін Де Йонг оң жақ тізесінің жанама сіңірін жарақаттап алып, 5-6 айға қатардан шыққан еді.
29 жастағы Нидерланд құрамасының ойыншысы Каталонияның клубына 2019 жылы «Аякстан» 86 миллион еуроға ауысып келген еді. Ол өткен маусымда 38 матчта бір гол соғып, сегіз нәтижелі пас берді