27.07.2026 18:26

Дэнни Уэлбек «Челсиге» ауысуы мүмкін

27.07.2026 18:26

«Брайтон» шабуылшысы Дэнни Уэлбек «Челсиге» ауысуы мүмкін

Фабрицио Романоның хабарлауынша, Лондонның клубы 35 жастағы Англия құрамасының бұрынғы ойыншысын келер маусымда өз қатарынан көргісі келеді. «Көктер» командаға тәжірибелі форвард жетіспейді деп есептейді және Уэлбекті бұл олқылықтың орнын жабу үшін алмақ. Қазір қос тарап келіссөз жүргізіп жатыр екен.

Уэлбек «Брайтон» намысын 2020 жылдан бері қорғап келеді. Ол өткен маусым Ағылшын Премьер-лигасында 37 матчта 13 гол соғып, бір нәтижелі пас берді. Дэнни мансабында одан бөлек «Уотфорд», «Арсенал», «Манчестер Юнайтед» және «Сандерлендте» ойнаған.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram