10.04.2026 20:30
Дешам «Реал» бас бапкері атануы мүмкін
10.04.2026 20:30
Франция құрамасының бас бапкері Дидье Дешам «Реалды» тізгіндеуі мүмкін
RMC Sport хабарлауынша, 57 жастағы маман «бланкос» жетекшісі атануға үміткерлер қатарына қосылды. Қазіргі бапкер Альваро Арбелоаның болашағы бұлыңғыр болып тұр, шамасы маусым соңында кетеді.
Дешам да Әлем чемпионатынан кейін Ұлттық құрамадағы орнын босатады. Оның орнына Зинедин Зидан келмек.
30 турдан кейін 69 ұпай жинаған «бланкос» Испания Ла Лигасында екінші орында келеді.