09.06.2026 18:51

Дэвис Боснияға қарсы ойнамайды

09.06.2026 18:51

Канада құрамасының қорғаушысы Альфонсо Дэвистің жағдайы белгілі болды

Бас бапкер Джесси Марштың айтуынша, 25 жастағы «Бавария» ойыншысы бұлшық етіндегі жарақатынан әлі айыға алмай жатыр екен. Осыған байланысты 12 маусымға жоспарланған Әлем чемпионатының топтық кезеңіндегі Босния және Герцеговинаға қарсы алғашқы матчқа қатыспайды. Бірақ Қатар (18 маусым) және Швейцариямен (24 маусым) ойынға дайын болады.

Дэвис биылғы маусымда 23 матчта бір гол соғып, бес нәтижелі пас берді.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram