03.11.2025 00:20
Дидар Сыдықбек: Өз жұмысыма риза емеспін
03.11.2025 00:20
Өз жұмысыма көңілім толмайды

Дидар Сыдықбек Soqqy Live ютуб арнасына берген сұқбатында «Атырау» футбол клубындағы жұмысына көңілі толмайтынын жеткізді. Ол өзін толық көрсете алмағанын алға тартты.
«Өз жұмысыма риза емеспін. Өзімді толықтай көрсете алмадым. Кейбір жерде қателіктер жасадым деп ойлаймын. Бұл менің ҚПЛ-дегі алғашқы маусымым. Менде барлығын өзгертуге 1 апта ғана уақыт болды. Қателесуге мүмкіндік болмады», - деді ол.
Осы маусымда «Атырау» командасы 19 ұпай еншілеп, ҚПЛ-дегі орнын сақтап қалды.