23.02.2026 16:06
Дик Адвокат қызметінен кетті
23.02.2026 16:06
Белгілі бапкер Дик Адвокат Кюрасао құрамасынан кетті

78 жастағы Нидерланд маманы қызының денсаулығына байланысты осындай қадамға барды. Оның тұсында Кюрасао тарихында алғаш рет Әлем чемпионатына жолдама алған еді.
Адвокат бұған дейін «Фейеноорд», «Фенербахче», «Сандерленд», ПСВ, «Зенит», «Боруссия» Мёнхенгладбах және «Рейнджерс» клубтарын, сондай-ақ Нидерланд, Сербия, Ресей, Бельгия, Оңтүстік Корея, БАӘ құрамаларын жаттықтырған.
Айта кетейік, Кюрасао 2026 жылғы Әлем чемпионатында Германия, Кот-д'Ивуар, Эквадормен бірге Е тобында ойнайды. АҚШ, Канада һәм Мексикадағы мундиаль 11 маусым мен 19 шілде аралығында өтеді.