07.12.2025 13:05
Джеррард «Ливерпульді» тізгіндеуі мүмкін
07.12.2025 13:05
Түнеугүні «Ливерпуль» Ағылшын Премьер-лигасының 15-турында «Лидсті» (3:3) жеңе алмады

Indykaila News хабарлауынша, бұл ойыннан кейін Слоттың «Ливерпульде» қалу мүмкіндігі тіптен төмендеп кетті. Мерсисайдтың клубы оны жақын арада қызметінен босатуы бек мүмкін.
Ал Слоттың орнына адам келгенше бас бапкер міндетін атқарушы ретінде Стивен Джеррард қарастырылып отыр екен. Сондай-ақ «Аякс» та жұмыс істеген Джон Хейтинг та «Ливерпуль» тізгінін уақытша ұстауы мүмкін.
Айта кетсек, 15 ойыннан кейін 23 ұпай жинаған «Ливерпуль» Ағылшын Премьер-лигасында сегізінші орында келеді.