03.08.2026 23:16
Эдин Джеко «Шалькеде» қалды
03.08.2026 23:16
«Шальке» шабуылшысы Эдин Джеко клубта қалды

Қос тарап келісімшартты 2027 жылдың 30 маусымына дейін ұзартады.
Эдин «Шальке» намысын Бундеслигада қорғау үшін Италия А Сериясы, MLS және Германия клубтарының ұсынысынан бас тартқан екен.
40 жастағы босниялық форвард «кеншілердің» сапына қаңтар айында қосылған еді. Содан бері 11 матчта алты гол соғып, үш нәтижелі пас берді. Сондай-ақ «Шальке» былтыр Екінші Бундеслигада чемпион атанып, төрт жылдан кейін жоғарғы дивизионға оралды.