04.02.2026 09:03
Эн-Несири «Әл-Иттихадқа» ауысты
04.02.2026 09:03
Юссеф Эн-Несири «Фенербахчеден» «Әл-Иттихадқа» ауысты

Қос тарап 2029 жылдың 30 маусымына дейін жарамды келісімшартқа қол қойды. Ал трансфер құны шамамен 15 миллион еуроны құрады.
28 жастағы марокколық шабуылшы «Фенербахче» намысын 2024 жылдан бері қорғаған еді. Ол осы маусымда 27 матчта сегіз гол соғып, бір нәтижелі пас берді.