13.04.2026 12:54
Энрике ПСЖ-да қалады
13.04.2026 12:54
Луис Энрике ПСЖ-ны әлі біраз жаттықтырады

RMC Sport журналисі Фабрис Хокинстің хабарлауынша, қос тарап келісімшартты 2030 жылдың 30 маусымына дейін ұзарту туралы келіссөз жүргізіп жатыр. Бәрі ойдағыдай болса жаңа құжатқа маусым соңына дейін қол қойылады екен.
55 жастағы испан маманы Париждің клубын 2023 жылдан бері баптайды. 27 турдан кейін 63 ұпай жинаған оның командасы Франция Бірінші лигасында көш бастап тұр.