13.02.2026 09:53
Эрик Гарсия антирекорд орнатты
13.02.2026 09:53
«Барселона» қорғаушысы Эрик Гарсия антирекорд орнатты

25 жастағы ойыншы Испания кубогының жартылай финалындағы «Атлетикоға» (0:4) қарсы ойында 6-минутта автогол соғып, 85-минутта алаңнан қуылды.
Осылайша ол бір ойында қызыл қағаз алып, өз қақпасына гол соққан «блауграна» тарихындағы алғашқы ойыншы атанды.
Гарсия Каталонияның клубында 2021 жылдан бері ойнап келеді. Ол осы маусымда 37 матчта бір гол соғып, бір нәтижелі пас берді.