13.06.2026 13:28
Ферран Торрес ПСЖ-ға ауысуы мүмкін
13.06.2026 13:28
«Барселона» шабуылшысы Ферран Торрес ПСЖ-ға ауысуы мүмкін

Джанлука Ди Марционың хабарлауынша, Париждің клубы оны Брэдли Барколя кеткен жағдайда қатарына қосып алғысы келеді.
Осыған дейін «Барселонаның» Торреспен келісімшартты ұзартқысы келетіні белгілі болған еді.
26 жастағы испаниялық форвард «Барселонаға» 2022 жылы «Манчестер Ситиден» 55 миллион еуроға ауысып келген еді. Ол биылғы маусымда 49 матчта 21 гол соғып, үш нәтижелі пас берді және Әлем чемпионатына қатысады.