21.07.2026 15:07
Франция ойыншысы «Манчестер Юнайтедке» ауысуы мүмкін
21.07.2026 15:07
«Рома» жартылай қорғаушысы Ману Коне «Манчестер Юнайтедке» ауысуы мүмкін

L'Equipe хабарлауынша, манкуниандықтар оны осы жазда қатарға қосуды басты мақсат ретінде көреді. Қос тарап қазір келіссөз жүргізіп жатыр. Коненің өзі «қызыл сойқандардың» қатарына қосылуға дайын және Ағылшын Премьер-лигасында ойнағысы келеді.
«Манчестер Юнайтедтен» бөлек оған «Арсенал» және Ағылшын Премьер-лигасының тағы екі клубы көз салып отыр.
25 жастағы Франция құрамасының ойыншысы өткен маусымда 37 матчта екі гол соғып, үш нәтижелі пас берді.