31.10.2025 09:24
Фримпонг ұзақ уақыт ойнамайды
31.10.2025 09:24
«Ливерпуль» қорғаушысы Джереми Фримпонгтың жағдайы белгілі болды

Нидерланд құрамасының футболшысы «Айнтрахтқа» (5:1) қарсы ойында бұлшық етін зақымдап алған еді.
Осыған байланысты шамамен алты аптаға қатардан шықты. Енді тек желтоқсан айының басында оралуы мүмкін.
Айта кетейік, Фримпонг «Ливерпульге» өткен жазда «Байерден» ауысып келді. Осы аралықта тоғыз ойын өткізіп, бір голдың авторы атанды.