01.12.2025 11:17

Галлахер АПЛ-ге оралуы мүмкін

01.12.2025 11:17

«Атлетико» жартылай қорғаушысы Конор Галлахер Ағылшын Премьер-лигасына оралуы мүмкін

Football Insider мәліметінше, 25 жастағы ойыншыға «Манчестер Юнайтед» пен «Тоттенхэм» қызығушылық танытуда. Манчестер клубының бас бапкері Рубен Аморим Галлахерді аттай қалап отыр екен.

Ал «Атлетико» болса Англия құрамасының өкілін 26 миллион фунт стерлингке сатуға әзір.

Айта кетейік, Галлахер «Атлетикоға» 2024 жылдың жазында «Челсиден» келіп қосылған еді. Осы аралықта 69 ойында алты гол соғып, алты нәтижелі пас берді.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram