22.07.2026 21:18
Гарначо «Астон Вилла» ойыншысы атанады
22.07.2026 21:18
Алехандро Гарначо «Челсиден» «Астон Виллаға» ауысады

Фабрицио Романоның хабарлауынша, қос тарап толыққанды келісімге келді. «Арыстандар» 22 жастағы аргентиналық вингерді сатып алу мүмкіндігімен жалға алды. Бас бапкер Унаи Эмеридің өзі Алехандроны командасында көргісі келген екен.
Лондонның клубы Гарначоны өткен жазда «Манчестер Юнайтедтен» 46,2 миллион еуроға сатып алған еді. Ол былтырғы маусымда 43 матчта сегіз гол соғып, төрт нәтижелі пас берді.