12.12.2025 19:16
Гарсияға тағы бір клуб көз тікті
12.12.2025 19:16
«Астон Вилла» Гонсало Гарсияны қатарға қосуды көздеп отыр

«Астон Вилла» «Реал» шабуылшысы Гонсало Гарсияны қатарға қосу үшін әрекет етуде, деп хабарлайды The Touchline.
Биылғы маусымда Гарсия «корольдік клуб» сапында 14 матч өткізіп, бір нәтижелі паспен көзге түсті. Бұған дейін Гонсалоға «Штутгарт» тарапынан да қызығушылық бар екені хабарланған едік.
Еске сала кетейік, Гарсия жақында «Реалмен» 2030 жылдың 30 маусымына дейін жаңа келісімшарт жасасқан.