21.06.2026 03:42
Германия Кот-д'Ивуардан басым түсті
21.06.2026 03:42
Әлем чемпионатының екінші турында Германия Кот-д'Ивуарды тізе бүктірді

Канаданың Торонто қаласында өткен кездесуде 2:1 есебі тіркелді. Матчтың 30-минутында Франк Кессье алғаш болып гол соқты. Бірақ Дениз Ундав 68 және 90+4-минутта мергендік танытып, командасына жеңіс сыйлады.
Е тобында одан бөлек Эквадор мен Кюрасао бар. Олар сағат 05:00-де күш сынасады.