25.06.2026 12:22

Германия ойыншысы қатардан шықты

25.06.2026 12:22

Германия құрамасының қорғаушысы Натаниэль Браун қатардан шықты

Флориан Плеттенбергтің хабарлауынша, 22 жастағы «Айнтрахт» ойыншысы бұлшық етін зақымдап алыпты. Осыған байланысты бүгінгі Эквадорға қарсы ойында оның орнын «Лейпцигтегі» Дэвид Раум басады.

Сондай-ақ «Бавария» дүлдүлі Жамал Мусиалаға демалыс беріліп, бастапқы құрамда «Штутгарт» жұлдызы Дениз Ундав шығады екен.

Топтық кезеңнің үшінші туры аясында өтетін Эквадор – Германия кездесуі бүгін, 01:00-де басталады және оны Qazsport телеарнасынан тікелей эфирде тамашалай аласыздар.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram