26.06.2026 19:32
Гонсалу Рамуш «Миланға» ауысуға жақын
26.06.2026 19:32
ПСЖ шабуылшысы Гонсалу Рамуш «Миланға» ауысуға жақын

A Bola хабарлауынша, «россонерри» Париждің клубына бонустармен есептегенде 45 миллион еуро көлеміндегі алғашқы ұсынысты жолдады. Келісімшарт төрт немесе бес жылға жарамды болады екен, ал жалақысы жылына төрт миллион еуроны құрайды. «Миланның» жаңа бас бапкері Рубен Аморим отандасын өз командасында көргісі келеді.
25 жастағы Португалия құрамасының форварды ПСЖ-ға 2024 жылы «Бенфикадан» 65 миллион еуроға ауысып келген еді. Ол биыл аяқталған маусымда 45 матчта 12 гол соғып, екі нәтижелі пас берді.