26.06.2026 12:17
Гүлер рекорд орнатты
26.06.2026 12:17
Түркия құрамасының жартылай қорғаушысы Арда Гүлер рекорд орнатты

«Реал» ойыншысы Әлем чемпионатының үшінші турындағы АҚШ-қа (3:2) қарсы матчта мергендік танытты.
Осылайша ол мундиальда гол соққан ең жас түркиялық ойыншы атанды. Арда 21 жас 120 күнінде 2002 жылы 21 жас 275 күнінде Коста-Рика қақпасының торын тулатқан Эмре Белёзоглудың рекордын жаңартты.
Түркия бұған дейін Аустралия (0:2) мен Парагвайдан (0:1) жеңіліп, Әлем чемпионатымен ерте қош айтысқан еді.