03.10.2025 11:00

Гүлер Түркия тарихындағы ең қымбат футболшы атанды

03.10.2025 11:00

Transfermarkt порталы «Реал» ойыншысы Арда Гүлердің нарықтағы бағасын жаңартты

Нәтижесінде 20 жастағы жартылай қорғаушының трансферлік құны 45-тен 60 миллион еуроға өсті.

Осылайша Гүлер тарихтағы ең қымбат түркиялық футболшы атанды. Бұған дейінгі рекорд 50 миллион еуроға бағаланған «Ювентус» жұлдызы Кенан Йылдызға тиесілі еді.

Гүлер биылғы маусымда жалпы тоғыз матч өткізіп, үш гол соғып, төрт нәтижелі пас берді.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram