07.04.2026 10:22

Гвардиола Италия бас бапкері атануы мүмкін

07.04.2026 10:22

Италия құрамасы 3 сәуір күні бас бапкер Дженнаро Гаттузоны орнынан босатқан еді

La Gazetta dello Sport хабарлауынша, оның орнын басуға Хосеп Гвардиола үміткер болып тұр. Пеп жазда келісімшартты бұзып, «Манчестер Ситиден» кетеді деп күтілуде. Ол құраманы тізгіндеп көргісі келеді.

Одан басқа кандидаттар қатарында «Наполи» тәлімгері Антонио Конте мен «Милан» жетекшісі Массимилиано Аллегри бар.

Италия биылғы Әлем чемпионатының іріктеуінен әрі аса алмай, қатарынан үшінші рет мундиальдан тыс қалған еді.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram