08.02.2026 11:57
Ямаль – 100 сәтті дриблинг жасаған алғашқы ойыншы
08.02.2026 11:57
«Барселона» вингері Ламин Ямаль үздік нәтиже тіркеді

18 жастағы вингер «Мальоркаға» (3:0) қарсы матчтан кейін топ-5 лиганың осы маусымында 100 сәтті дриблинг жасаған алғашқы ойыншы атанды.
Бұл көрсеткіш бойынша оны қарсыласын 62 рет айналып өткен Жереми Доку өкшелеп келеді. Сондай-ақ үздік бестіктің қатарында Килиан Мбаппе, Ян Диоманде (екеуі де – 58) және Винисиус Жуниор (52) бар.
Ямаль осы маусымда 29 матчта 14 гол соғып, 13 нәтижелі пас берді.