24.12.2025 12:47

Ямаль Мессиді басып озды

24.12.2025 12:47

«Барселона» вингері Ламин Ямаль 2025 жылы 307 сәтті дриблинг жасады

Осылайша 18 жастағы испан жұлдызы бұл көрсеткіш бойынша Лионель Мессидің 2017 жылы тіркеген үздік көрсеткішінен асып түсті. Сегіз жыл бұрын Лео қарсыласын 260 мәрте сан соқтырған.

Ал рекорд Неймарға тиесілі. Ол да 2017 жылы 335 рет алдындағы футболшыны алдап өткен.

Айта кетейік, Ямаль осы маусымда 20 матчта тоғыз гол соғып, 11 нәтижелі пас берді.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram