16.10.2025 13:04

Икер Касильяс: Лионель Мессидің қарапайымдылығына таңғалдым

16.10.2025 13:04

«Реалдың» экс-қақпашысы Икер Касильяс 2019 жылы ауруханада жатқан кезінде Лионель Месси хабарласқанын айтты.

«2019 жылы жүрек талмасына байланысты ауруханаға жатып қалдым. Ертесі бейтаныс нөмір хабарласты. Алсам, ол Месси екен.

«Сәлем, Икер. Менде сенің нөмірің болмады, сондықтан Пикеден алдым. Тезірек сауығуыңа тілектеспін. Саған гүл жібердім, ұнайды деп үміттенемін», – деді.

Шынымды айтсам, оның бұл әрекетіне, қарапайымдылығына таңғалдым. Маған хабарласуға міндетті емес еді. Өйткені біз дос та болмадық», – деді Икер.

Естеріңізге сала кетсек, Касильяс денсаулығына байланысты 39 жасында мансабын аяқтаған еді.

Жақып Марғұлан

Жақып Марғұлан

InstagramInstagram