22.02.2026 10:21
«Интер Майами» MLS бірінші турында жеңіліп қалды
22.02.2026 10:21
MLS жаңа маусымының бірінші турында «Интер Майами» сырт алаңда «Лос-Анджелеске» 0:3 есебімен есе жіберді

Алаң иелерінің құрамында Давид Мартинес, Денис Буанга және Натан Ордаз мергендік танытты. Сондай-ақ Сон Хын Мин бір нәтижелі пас берді.
Ал «Интер Майами» сапында Лионель Месси толық матч өткізді.
Месси бастаған ұжым келесі турда 1 наурыз күні «Орландо Ситиге» қонаққа барады.