29.01.2026 17:39
«Интер» ойыншысы «Бешикташқа» ауысады
29.01.2026 17:39
Кристиан Аслани «Бешикташ» қатарын толықтырады

Фабрицио Романоның хабарлауынша, «қара бүркіттер» 23 жастағы албаниялық жартылай қорғаушыны «Интерден» маусым соңына дейін жалға алады. Сондай-ақ сатып алу мүмкіндігі қарастырылған. Футболшының жалақысын толығымен «Бешикташ» төлейді екен.
Аслани маусымның алғашқы бөлігін «Торинода» жалда өткізген еді. Ол Туриннің клубында 16 матч өткізіп, нәтижелі әрекетімен көзге түсе алмады.