27.09.2026 02:01

Испания Англиядан басым түсті

27.09.2026 02:01

Ұлттар лигасы аясында Испания сырт алаңда Англияны тізе бүктірді

Лондондағы «Уэмбли» стадионында өткен кездесуде 2:3 есебі тіркелді. Алаң иелерінің сапында Энтони Гордон мен Харри Кейн мергендік танытты және Кейн бір пенальтиден мүлт кетті. Ал Испания құрамында Ламин Ямаль, Алекс Баэна және Микель Оярсабаль қақпа торын тулатты.

Одан бөлек бұл топта Хорватия Чехиядан (2:1) басым түсті. Ол ойында 41 жастағы Лука Модрич гол соғып, есеп ашып берді.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram