09.06.2026 09:25

Испания Перуден басым түсті

09.06.2026 09:25

Испания жолдастық кездесуде Перуді тізе бүктірді

Мексиканың Пуэбла штатында өткен кездесуде 1:3 есебі тіркелді. «Қызыл фурияның» сапында Микель Оярсабаль және Педри мергендік танытты. Сондай-ақ Педро Гальесе өз қақпасына гол соғып алды.

Луис де ла Фуэнте Әлем чемпионатында Н тобында Кабо-Верде (15 маусым), Сауд Арабиясы (21 маусым) және Уругваймен (27 маусым) ойнайды. Биылғы мундиаль 11 маусым мен 19 шілде аралығында АҚШ, Канада және Мексикада өтеді.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram