03.10.2025 17:03
Испанияның құрамы белгілі болды
03.10.2025 17:03
Испания құрамасының алдағы ойындарына шақырту алған футболшылар белгілі болды

Қақпашылар: Унаи Симон («Атлетик»), Давид Райя («Арсенал»), Алекс Ремиро («Реал Сосьедад»);
Қорғаушылар: Алехандро Гримальдо («Байер»), Марк Кукурелья («Челси»), Пау Кубарси («Барселона»), Дани Вивиан («Атлетик»), Робин Ле Норман, Маркос Льоренте (екеуі де – «Атлетико»), Педро Порро («Тоттенхэм»), Дин Хёйсен («Реал»);
Жартылай қорғаушылар: Родри («Манчестер Сити»), Педри, Дани Ольмо (екеуі де – «Барселона»), Микель Мерино, Мартин Субименди (екеуі де – «Арсенал»), Алеш Гарсия («Байер»), Алекс Баэна, Пабло Барриос (екеуі де – «Атлетико»);
Шабуылшылар: Микель Оярсабаль («Реал Сосьедад»), Ферран Торрес, Ламин Ямаль (екеуі де – «Барселона»), Йереми Пино («Кристал Пэлас»), Саму Омородион («Порту»), Хорхе де Фрутос («Райо Вальекано»), Хесус Родригес («Комо»).
«Қызыл фурия» қазан айында 2026 жылғы әлем чемпионатына іріктеу кезеңі аясында екі ойын өткізеді. Алдымен 11 қазанда Грузиямен кездессе, араға үш күн салып, Болгариямен күш сынасады.
Екі ойыннан кейін алты ұпай жинап, қақпасына бірде-бір гол өткізбеген Луис де ла Фуэнтэ шәкірттері Е тобында көш бастап келеді.