15.04.2026 12:46
«Ювентус» капитанымен келісімшартты ұзартады
15.04.2026 12:46
«Ювентус» капитаны әрі жартылай қорғаушысы Мануэль Локателли клубта қалады

La Gazetta dello Sport хабарлауынша, қос тарап келісімшартты 2030 жылдың 30 маусымына дейін ұзартады. Қазір бәрі келісіліп қойыпты, тек құжаттардың дайын болғанын күтіп отыр. Жақында Туриннің клубы ресми түрде хабарлайды.
28 жастағы италиялық ойыншы «бьянконери» сапына 2023 жылы «Сассуолодан» 36,4 миллион еуроға ауысып келген еді. Ол осы маусымда 41 матчта үш гол соғып, екі нәтижелі пас берді.