26.01.2026 00:06
«Ювентус» «Наполиден» басым түсті
26.01.2026 00:06
Италия А Сериясының 22-турында «Ювентус» өз алаңында «Наполиді» 3:0 есебімен тізе бүктірді

«Альянц Стэдиумде» өткен кездесуде Джонатан Дэвид, Кенан Йылдыз және Филип Костич гол авторы атанды.
Осылайша «Ювентус» 42-ұпайын еншілеп, турнир кестесінде бесінші орынға жайғасты. Ал «Наполи» 43 ұпаймен үшінші сатыда қалды.
Лучано Спаллеттидің шәкірттері келесі турда «Пармаға» қонаққа барады. Антонио Контенің командасы болса «Фиорентинаны» қабылдайды.