09.02.2026 09:59

«Ювентус» ойыншысымен келісімшартты ұзартпақ

09.02.2026 09:59

Кефрен Тюрам «Ювентусте» қалуы мүмкін

Николо Скираның хабарлауынша, қос тарап келісімшартты 2030 жылдың 30 маусымына дейін ұзарту туралы келіссөз жүргізіп жатыр. Кефреннің агенті өткен аптада Турин клубының өкілдерімен кездесіп, бұл жөнінде сәтті әңгіме өрбіткен екен.

24 жастағы француз жартылай қорғаушысы «бьянконери» намысын 2024 жылдан бері қорғап келеді. Ол осы маусымда 31 матчта екі гол соғып, үш нәтижелі пас берді.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram