14.06.2026 14:19
Йылдыз «Арсеналға» ауысуы мүмкін
14.06.2026 14:19
«Ювентус» жартылай қорғаушысы Кенан Йылдыз мансабын Ағылшын Премьер-лигасында жалғауы мүмкін

Экрем Конурдың хабарлауынша, оған «Арсенал» қызығушылық танытуда. «Зеңбірекшілердің» бас бапкері Микель Артета Кенанды өз командасында көргісі келеді. Лондонның клубы бұл трансферге 87 миллион фунт стерлинг жұмсауға дайын. Ал «Ювентус» басты жұлдызынан айырылғысы келмейді, бірақ Әлем чемпионатынан кейін бәрі өзгеруі мүмкін.
21 жастағы түркиялық вингер биылғы маусымда 47 матчта 11 гол соғып, он нәтижелі пас берді.