15.06.2026 23:18
Кабо-Верде қақпашысы матчтың үздік ойыншысы атанды
15.06.2026 23:18
Әлем чемпионатының бірінші турындағы Испания – Кабо-Верде (0:0) матчының үздік ойыншысы белгілі болды

Ол жеті сейв жасап, қақпасына гол өткізбеген Кабо-Верденің қақпашысы Возинья атанды. 40 жастағы голкипер Португалияның екінші дивизионындағы «Шавиш» клубында ойнайды.
Н тобында одан бөлек Уругвай мен Сауд Арабиясы бар. Олар сағат 03:00-де өзара мықтыны анықтайды.