17.04.2026 12:12
Кайседо «Челсиде» 2033 жылға дейін қалады
17.04.2026 12:12
«Челси» жартылай қорғаушысы Мойзес Кайседо клубта қалады

Николо Скираның хабарлауынша, қос тарап келісімшартты 2033 жылдың 30 маусымына дейін ұзартуға жақын. Қазір соңғы құжаттар дайындалып жатыр екен.
«Көктер» 24 жастағы Эквадор құрамасының ойыншысын 2023 жылы «Брайтоннан» 116 миллион сатып алған еді. Ол осы маусымда 42 матчта бес гол соғып, бір нәтижелі пас берді. Қазіргі келісімшарты 2031 жылға дейін жарамды.