31.10.2025 18:13
Карвахальдың қашан оралатыны белгілі болды
31.10.2025 18:13
«Реал» бас бапкері Хаби Алонсо Дани Карвахальдың жарақатына байланысты пікір білдірді

Испаниялық маманның айтуынша, 33 жастағы қорғаушы 7-8 аптаға қатардан шықты.
Бұған дейін Мадрид клубының капитаны «Барселонаға» (2:1) қарсы ойында оң аяғының бұлшық етін зақымдап алып, ота жасатқан еді.
Карвахаль осы маусымда сегіз ойынға қатысып, нәтижелі әрекетімен көзге түсе алмады.