02.11.2025 15:12
Кейн «Барселонаға» ауысуы мүмкін
02.11.2025 15:12
«Бавария» шабуылшысы Харри Кейн мансабын «Барселонада» жалғастыруы мүмкін

Sport мәліметінше, Каталонияның клубы 32 жастағы шабуылшыны жазда 65 миллион еуроға сатып алуы мүмкін.
Сондай-ақ «блауграна» Хулиан Альвареске де қызығушылық танытып отыр. Алайда нарықтағы бағасы 100 миллион еуроны құрайтын футболшыны қатарға қосу клуб бюджетіне айтарлықтай шығын келтіреді екен.
Кейн осы маусымда 15 ойында 22 гол соғып, үш нәтижелі пас берді.